378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сергей Ковалев колумбиялық қарсыласын жеңді

  • 293
  • UPD: 17:21, 03.02.2019
Сергей Ковалев колумбиялық қарсыласын жеңді Vesti.kz

Ресейлік боксшы Сергей Ковалев колумбиялық Элейдер Альваресті қарымта кездесуде жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қайтарып алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатындағы Фриско қаласында өтті. Олардың кездесу бокс кешінің басты жекпе-жегі болды. Қос боксшы осыған дейінгі кездескен. Колумбиялық боксшы ресейліктің WBO белбеуін тартып алған еді.

12 раундтық кездесу Ковалевтің жеңісімен аяқталды. Төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі 120:108, 116:112, 116:112 есебімен аяқталды. Осылайша 35 жастағы ресейлік боксшы 33-жеңісіне қол жеткізді, оның 28-ін ол мерзімінен бұрын аяқтаған еді. Спорттық мансабында үш рет жеңіліп, бір рет тең түскен. 24 кездесуде жеңіске жеткен 34 жастағы Альварес үшін бұл – кәсіпқой рингтегі бірінші жеңілісі.

Хабар 24 телеарнасы