378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Михал Билек ұлттық құрамаға шақырту алған футболшыларды атады

  • 307
  • UPD: 14:58, 04.02.2019
Михал Билек ұлттық құрамаға шақырту алған футболшыларды атады

Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек ұлттық құрамаға шақырту алған футболшыларды жариялады. Кеңейтілген тізімде 36 ойыншы бар. Тек «Ростов» командасына ауысқан Бақтияр Зайнутдинов жоқ.

Ол жаңа командасымен ресми ойындарға дайындалып жатыр. Чехиялық жаттықтырушы қаңтарда команда тізгінін ұстағаны белгілі. 53 жастағы маман бүгін Астанаға келіп тілшілермен жүздесті. Билек қазақ елінің футболшыларын жаңа биікке шығарсам дейді.

«Қазақстан тарапынан ұсыныс түскенде көп ойланған жоқпын. Мен қайда келе жатқанымды білемін және сәтсіздіктерге тап болам деп қорықпаймын. Түркияда Қазақстан футболшыларының қарымын байқап көремін. Содан кейін алдымызға мақсат қоямыз», - дейді Билек. Баспасөз мәслихатында ұлттық құрамадағы қақпашылар Николай Родионов, Ненад Эричтің ұлттық құрамамен қош айтысқанын мәлімдеп, лайықты ізбасарлар бар екенін атап өтті. Михал Билек бастаған ұлттық құрама ертең Түркияны бетке алады. Қазақстан Еуропа чемпионатына іріктеу турниріне дайындық аясында Молдовамен жолдастық кездесу өткізеді. Ойын 21 ақпанға жоспарланған.      

Михал Билек, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:

- Келісім-шарт бір жылға жасалды. Қазақстанда бұған дейін де болдым. Бір жыл бұрын «Славиямен» Астанаға келдім. Сонымен қатар, Қазақстанда жұмыс істеген Мирослав Беранекпен кездесіп, ақпарат алдым. Қазақстан туралы мәлімет жеткілікті. Ресми іріктеу ойындарына дейін уақыт бар. Алдағы болатын жиында футболшылардың қарымын байқап, жергілікті жаттықтырушылармен сөйлесеміз. Шақырту алған ойыншылардың барлығына да мүмкіндік береміз. Түркиядағы жиыннан кейін біраз сұраққа жауап аламын.

Хабар 24 телеарнасы