378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Төрт дүркін Олимпиада чемпионы өмірден озды

  • 471
  • UPD: 15:47, 04.02.2019
Төрт дүркін Олимпиада чемпионы өмірден озды

Шаңғымен трамплиннен секіру бойынша төрт дүркін Олимпиада чемпионы болған фин спортшысы Матти Нюкянен 55-ке қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Финляндияның Iltalehti басылымы.

Нюкянен спорттың осы түрінен Финляндияның ең көп жүлде алған спортшысы болды. Олимпиаданың төрт алтынынан тыс, оның қоржынында әлем чемпионатының бес алтын медалі бар. Спортшы мансабын аяқтаған соң, ішімдікке салынып, соның салдарынан екі рет түрмеге де түсіп шыққан болатын.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Хабар 24 телеарнасы