378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Америкалық боксшы Головкиннен нокаутқа түскеннен кейін мансабын аяқтады

  • 625
  • UPD: 11:46, 05.02.2019
Америкалық боксшы Головкиннен нокаутқа түскеннен кейін мансабын аяқтады © HBO

Бұл туралы спортшының өзі мәлімдеді.

Алғашқы орта және орта салмақта әлем чемпиондығына бұрынғы үміткер америкалық Ванес Мартиросян (36-4-1, 21 КО) боксшы карьерасын аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы спортшының өзі Twitter желісі арқылы мәлімдеді. Ол 2017 жылдан бері істесіп келе жатқан промоутері Дон Кингке алғысын білдірді.

«Бокстан кетемін. Дон кинг пен барлық командама рахмет. Бұл спортқа әлі берерім көп, бірақ, мен жасармаймын. Карьерамды аяқтап, жаттықтыра бастаймын. Дон Кингке тағы бір алғысымды білдіремін», - деп жазыпты Мартиросян.

Хабар 24 телеарнасы