378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Мұрны қанамағандар сынамай-ақ қойсын». Қанат Ислам карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

  • 616
  • UPD: 13:57, 06.02.2019
«Мұрны қанамағандар сынамай-ақ қойсын». Қанат Ислам карьерасын қашан аяқтайтынын айтты Today.kz

Боксшы кейінгі уақытта болған жағдайларды түсіндірді.

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат «QAZAQ» Ислам (25-0, 20 КО)Serik Noyan Live Youtube-арнасына берген сұхбатында карьерасын аяқтау туралы сұраққа анық жауабын берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Маған Мэнни Пакьяо келіп, «Қанат қайтесің боксты, тастап кет десе», мені бұл ойландыратын еді. Ал кәсіпқой бокстың не екенін білмейтін, мұрны да қанамаған біреу баға берсе. Кетші ары дейсің ғой.

«7-8 айдай қиындықтар болды спортта, бірақ, осындай қиындықтардан өту арқылы ғана артымызда еріп келе жатқан інілерге үлгі бола аламын деп ойлаймын. Жалпы бокста 40 жасқа дейін жұдырықтасамын», - дейді белгілі боксшы.

Хабар 24 телеарнасы