378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астаналық полицейлер пәтер ұрлығымен айналысқандарды ұстады

  • 243
  • UPD: 12:11, 07.02.2019
Астаналық полицейлер пәтер ұрлығымен айналысқандарды ұстады elorda.info

Астана қаласының Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде пәтер ұрлығымен айналысқан Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалаға келген Шығыс Қазақстан облысының төрт тұрғыны елорда аумағында бірнеше рет пәтер ұрлығын жасады деп күдіктелуде.

«Гастролерлар пәтер ұрлығын күндізгі уақытта кілтті іріктеу жолымен жасаған. Олар пәтерлердің бірінен зергерлік бұйымдар және ірі мөлшердегі ақшалай қаражатты (17 000 доллар шамасында) жымқырған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ұсталған тұлғалар уақытша тұрып жатқан жалдамалы пәтерден заттай дәлелдемелерді тәркіледі», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлерінің ақпараты бойынша ұсталған тұлғалардың үшеуі де осы секілді қылмыстарды жасағаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Полиция қызметкерлері ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, ұсталғандар Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұрын осы секілді қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Полиция департаменті мүліктеріңіздің сақталуына мұқият болуларыңызды, мұқият қорғалуы үшін әртүрлі үлгідегі екі құлып орнатуды немесе пәтерді күзет дабылына қосуды ұсынады.

Хабар 24 телеарнасы