378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сейдахмет «Уфа» үшін 2019 жылғы алғашқы ойынын өткізді

  • 275
  • UPD: 22:02, 07.02.2019
Сейдахмет «Уфа» үшін 2019 жылғы алғашқы ойынын өткізді prosports.kz

«Уфа» футбол клубы Ларнека оқу-жаттығу жиындарындағы үшінші бақылау матчында швецариялық «Янг Бойз» жастар командасын ұтты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Кездесудің 17-минутында уфалықтардың словениялық шабуылшысы Ловро Бизяк дубль жасады. Футболшыға дубль үшін 80 секунд қана қажет болғанын айта кетейік. 25-минутта Александр Пуцко бас жарақатын алып, оның орнына Игорь Дивеев алаңға шықты. Бірақ үзіліске дейін-ақ швецариялықтар Юрий Шафинский қақпасынан саңылау тапты. Осылайша есеп 2:1 болды.

Айта кетейік, екінші таймда «Уфа» сапында ауысымға шыққан Қазақстан құрамасының шаубылшысы Еркебұлан Сейдахмет осы маусымда команда үшін алғашқы ойынын өткізді, деп жазады kaz.vesti.kz.

Хабар 24 телеарнасы