378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Төрт құрлық турнирі: Тұрсынбаева қысқа бағдарламада қанша ұпай жинады?

  • 353
Төрт құрлық турнирі: Тұрсынбаева қысқа бағдарламада қанша ұпай жинады?

АҚШ-тың Анахайм қаласында мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық турнирі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада 68,09 ұпай жинап, алтыншы орынға жайғасты. Әйелдер арасында алғашқы сыннан кейін америкалық Бреди Теннелл 73,91 ұпаймен топ бастап келеді. Еркін бағдарлама ертең Астана уақытымен таңғы тоғызда басталады.

Шымкентте грек-рим күресінен Қазақстан спартакиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Жанкүйерлер мен мамандар назары 67 келіге ауды. Финалда Азия чемпионаты мен құрлық ойындарының және әлем біріншілігінің жүлдегері, тәжірибелі Алмат Кебіспаев пен 2018 жылғы әлем чемпионатының қола медаль иегері Мейіржан Шермаханбет белдесуі тиіс еді. Бірақ Кебіспаев жарақатына байланысты финалдық сыннан бас тартты. 63 келіде Жолдыбай Тоқбаев жеңіске жетті. 82 келі салмақта Мақсат Ережепов топ жарды. Азамат Күстібаев 87 келіде спартакиада жеңімпазы атанды. Аса ауыр салмақта Дамир Күзембаевтың мерейі үстем болды. Енді жарыс еркін күрес балуандары мен білекті қыздар бәсекесімен жалғасады.

Хоккей: Қазақстан - Оңтүстік Корея 5:1

Қазақстан құрамасының хоккейшілері Оңтүстік Кореядағы халықаралық турнирде екінші жеңістеріне қол жеткізді. Каннын қаласында жарыс қожайындарымен айдынға шыққан жерлестеріміз 5:1 есебімен басым түсті. Есепті Андрей Некряч ашты. Үзілістен кейін Артем Лихотников пен Дмитрий Быков мергендік танытты. Корей хоккейшілері жалғыш шайбамен жауап қатты. Артынша Эмиль Нұрғалиев төртінші голды соғып, Қазақстан құрамасының айдындағы басымдығын дәлелей түсті. Соңғы кезеңде Андрей Некряч осы матчтағы екінші шайбасын қақпаға дәл бағыттап, кездесуге нүкте қойды. Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы ойынның үздік ойыншысы болып Артем Лихотников танылды.

Каннын қаласындағы кездесуде Қазақстан құрамасы қолдаусыз қалған жоқ. Сеулден арнайы елшілік қызметкерлері келіп жанкүйерлік танытты. Сонымен қатар Каннында тұратын қазақстандықтар да хоккейшілерге қол соқты. Бүгін Юрий Михайлис шәкірттері соңғы ойындарын Латвиямен өткізеді.

Хабар 24 телеарнасы