375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Стенд атудан Мароккодағы турнирде отандастарымыз «алтын» және «күміс» ұтып алды

  • 313
  • UPD: 17:40, 08.02.2019
Стенд атудан Мароккодағы турнирде отандастарымыз «алтын» және «күміс» ұтып алды

Марокконың Рабат қаласында стенд атудан халықаралық турнир жалғасуда. Қазақстандық спортшылар скит бағдарламасы бойынша екі медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Финалда 49 ұпай жинаған Зоя Кравченко тұғыр биігіне көтеріліп, алтын медаль иеленді. 

Ал 40 ұпайы еншілеген тағы бір жерлесіміз Анастасия Молчанова күміс медаль тағынды. 

Қола жүлде 37 ұпай еншілеген италиялық Чиара Костаға бұйырды.

Хабар 24 телеарнасы