378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда ақындар футболдан жарысты

  • 415
  • UPD: 22:02, 08.02.2019
Таразда ақындар футболдан жарысты

Таразда ақындар доп теуіп, жарысқа шықты. Кіші футболдан өткен турнирге Жамбыл, Қызылорда, Түркістан мен Алматы  облыстарынан 50-ге жуық қаламгер келген. Бұл кездесу Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арнап ұйымдастырылды. Дәстүрлі жарыста 6 команда өнер көрсетті. Айта кетейік, спорттық шарадан кейін ақиық ақынды еске алуға арналған әдеби-сазды кеш өтеді.

Ахметжан Өзбеков, айтыскер ақын:

- Ақындар халықтың жаны мен тәнін қоса бірге емдеу керек. Бұл салауатты өмір салты. Айтыскер ақындар үлгі болу керек. Біз тек қана айтысып қана қоймаймыз. Енді осы үрдіс әр облыста бізде «Алтын домбыра» деген үлкен айтыстың жылдық қорытындысы бар ғой. Енді «Алтын допты да» қосайын деп отырмыз. Жасап жатқан игі амалымыз елдің рухын жаңғыртуға еліміздің саясатын әрі қарай жүргізуге жұмыс жасайды деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы