378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Юлия Галышева: Бұл жеңістің артында бүкіл команданың еңбегі жатыр

  • 349
  • UPD: 15:20, 09.02.2019
Юлия Галышева: Бұл жеңістің артында бүкіл команданың еңбегі жатыр

Бүгін, 9 ақпан күні Парк-Сити қаласындағы Дир-Вэлли бөктерінде фристайлдан әлем чемпионаты аясында могулшылар бәсекесі өтті.

Қазақстан командасының көшбасшысы Юлия Галышева әлем чемпионы атағын иеленіп, қазақ елінің жанкүйерлерін қуантып тастады. 

Olympic.kz сайтына сұхбат берген 2019 жылғы әлем чемпионы бұл жеңістің артында тұтас команданың еңбегі жатқанын мәлімдеді. 

«Бүгінгі алтынға қол жеткізу үшін біз жылдар бойы тер төктік. Маған бапкерлер кеңесі бастаған біздің командамыз күш берді. Ертең тағы бір жарыс күні. Жанкүйерлерді жерге қаратпай, барымды салуға тырысамын. Параллельді могулдан өзара кім мықтыны анықтаймыз. Бұл сынның оңай болмасы анық, өйткені, әлем чемпионатында ешкім аянып қалмайды. Қазақстанды тағы да таңқалдыруға тырысамыз», – дейді Галышева. 

Айта кетелік, бүгіп Парк-Ситидегі әлем чемпионатында Юлия Галышева 79.14 ұпай жинап, Қазақстан спорты тарихында тұңғыш рет фристайл-могулдан әлем чемпионы атанды.

Екінші орында – австралиялық Энтони Джакара. Оның ұпай көрсеткіші – 78.99. Қола жүлдені 2018 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, франциялық Перрин Лаффон иеленді (78.70).

Хабар 24 телеарнасы