375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Grand slam турнирі: Галбадрах Отцгонцэцэг қола медаль иеленді

  • 383
Grand slam турнирі: Галбадрах Отцгонцэцэг қола медаль иеленді olympic.kz

Парижде дзюдодан Grand Slam турнирінің финалдық бәсекелері өтіп жатыр.

Қазақстан қоржынына алғашқы медальді Галбадрах Отцгонцэцэг салды деп жазады Olympic.kz. 

48 келіде белдескен Галбадрах алғашқы айналымда түркиялық Бедер Тукчені «ваззари» әдісімен жеңді. 

Екінші айналымда жапониялық Хироми Эндені жеңген біздің спортшы франциялық Мелани Клементтен ескерту санының көптігіне байланысты ұтылып қалды. 

Галбадрах Отцгонцэцэг жұбаныш белдесуінде Оңтүстік Корея спортшысын, қола медаль үшін өткен кездесуде Моңғолия балуанын жеңіп, жылдың алғашқы ресми жарысында үздіктер қатарына енді.

Хабар 24 телеарнасы