389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зілтемірші Нұрлыбек Сәменов Таиландтағы халықаралық турнирде топ жарды

  • 865
Зілтемірші Нұрлыбек Сәменов Таиландтағы халықаралық турнирде топ жарды Olympic.kz

Қазақстандық зілтемірші Нұрлыбек Сәменов Таиландта өтіп жатқан рейтингілік турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Сәменов 81 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 333 (153+180) келіні бағындырды. Сондай-ақ біздің спортшы жұлқа және серпе көтеруде де үздік шыққанын айта кету керек. Бұл – Нұрлыбек Сәменовтің ұлттық құрама сапында қатысып отырған алғашқы халықаралық жарысы.

Хабар 24 телеарнасы