378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елдос Сметов Париждегі Grand slam турнирінде күміс жүлдеге қол жеткізді

  • 533
  • UPD: 22:45, 09.02.2019
Елдос Сметов Париждегі Grand slam турнирінде күміс жүлдеге қол жеткізді Olympic.kz

Парижде  өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Елдос Сметов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келіде белдескен жерлесіміз іріктеу айналымында америкалық Давид Агоглианы, грузиялық Джаба Папинашвилиді жеңді. Өз тобындағы шешуші белдесуде Сметов чехиялық Давид Пулкрабектен «иппон» әдісімен басым түсті. Жартылай финалда Елдосты моңғолиялық Амартувшин Дашдава күтіп тұрған. Қос мықты арасындағы кездесуде Елдос Сметов таза жеңіске жетті. Алайда әлем чемпионы, жапониялық Наохиса Такатомен өткен финалдық кездесуде Сметов «юко» әдісімен ұтылды. Бұл Елдос Сметовтың жаңа маусымдағы алғашқы медалі екенін айта кеткен жөн.

Хабар 24 телеарнасы