378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионаты өтті

  • 299
  • UPD: 15:28, 10.02.2019

Кіл мықтыда кім мықты? Алматыда Қарулы Күштердің армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионаты өтті. Оған осы спорт түрін шебер меңгерген әскери қызметкерлер қатысты. 

Қоян-қолтық ұрыс-әскерилердің арасында кеңінен таралған.  Кәсіпқой тұрғыда мыңдаған адам айналысады. Түрлі деңгейдегі жарыстар ұдайы өтіп тұрады. Бұл жолғы сайысқа бірнеше өңірлік қолбасшылық пен әскери оқу орындарынан командалар қатысты. Жарысқа қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының президенті, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың өзі келіп, қатысушыларға қолдау білдірді.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

- Бұл чемпионат  алда өтетін жарыстарға дайындық іспетті.  Ұлттық құрама халықаралық және әлемдік додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүр.  Мәселен, биыл  Санкт-Петерборда қоян қолтық ұрыстан әлем чемпионаты өтеді.

Кілең білекті де жүректі сайыпқырандар  қатысқан жарыс жоғары деңгейде өтті.  Олардың арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері мен талай жарыстардың жеңімпаздары да бар. 

Айталап Қорғанбаев, ҚР ҚМ спорт комитетінің төрағасы:

- ҚР Қарулы күштері спартакиадасының аясында өтіп жатқан армиялық жекпе-жек сайысын 170 спортшы қатысы отыр. Барлығы 25 команда Бұл жарыстың негізгі мақсаты ең мықтыларды анықтап, халықарлық жарыстарға шығару. 

Үш күн бойы  көрермендер кейбір жекпе-жектердің уақытынан бұрын жеңіспен аяқталып отырғанына қарамастан, жауынгерлердің дайындығы мен кәсіби шеберліктеріне тәнті болды. Спорттық шара қоян-қолтық жекпе-жекті дамытып, салауатты өмір салтын насихаттауды, спортшылардың кәсіби шеберлігі мен төрешілердің біліктілігін арттыруды көздейді.

Хабар 24 телеарнасы