378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық жас биатлоншы Ресейдегі жарыстан алтын медаль жеңіп алды

  • 313
  • UPD: 15:28, 10.02.2019
Қазақстандық жас биатлоншы Ресейдегі жарыстан алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық жас биатлоншы Вадим Куралес Оңтүстік Сахалинде өтіп жатқан «Азия балалары» І Халықаралық қысқы спорттық ойындарда алтын жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Куралес алты шақырымға созылған спринтерлер сайысында үздік шықты.

Бұл сында тағы бір қазақстандық спортшы Данил Червенко тұғырдың үшінші сатысынан көрінді. Екінші орынды Сахалин облысының өкілі Роман Бойчевский иеленген. 

Қазақстан командасының қоржынында күміс жүлде де бар. Биатлоншы Арина Шешукова спринтте екінші орын алды. 

Еске сала кетейік, «Азия балалары» турниріне 16 жастан кіші спортшылар қатысады. Жарыс 8-17 ақпан аралығында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы