378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Юлия Галышева төртінші орын иеленді

  • 305
  • UPD: 22:44, 10.02.2019
Юлия Галышева төртінші орын иеленді Радио Азаттык

Сноубордтың фристайлынан екі күн бұрын алтын жүлде алып, әлем чемпионы атанған қазақстандық Юлия Галышева қатарласып өнер көрсетуде төртінші орынға табан тіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі екіден жарысып, жеңіске жеткендерін келесі айналымға жіберіп отыратын спортшылар ең соңында екі үздікті анықтайды. Юлия жартылай финалда француз Перрин Лаффонмен жарысты. Ә дегенде қарсыласынан алда келе жатқан секілді еді, кейін Перрин озып кетті. Лаффонның олимпиада чемпионы екенін еске салайық. Рас, Галышева қола медальға қол созған. Бірақ үшінші орын Америка өкілі Тесс Джонсонға бұйырды.

Шынына келсек, қола медаль Юлияға тиесілі еді. Алайда төрешілер өзгеше шешім қабылдады. Юлия үздік уақыт көрсеткішін тіркесе де, төртінші орынды місе тұтты. Шамасы әлем біріншілігінен екі бірдей медаль алуына әлдекім қарсылық білдіргендей...

Хабар 24 телеарнасы