378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Боруссия» М – «Герта»: 0:3

  • 258
  • UPD: 17:36, 10.02.2019
«Боруссия» М – «Герта»: 0:3

«Боруссия» Мёнхенгладбахта «Гертадан» ұтылды.

Есеп – 0:3. Үзіліске дейін қонақтардың шабуылшысы Саломон Калу гол соққанда мамандар алаң иелерінің таразы басын теңестіретініне сенімді болған. Матчтың 55-минутында Ондрей Дуда нәтижені еселеген кезде ғана «Боруссияның» басынан бақ тайғаны белгілі болды. Ал Дави Зельке соққан гол жергілікті футболшыларды тіпті есеңгіретіп тастады.

Шынын айту керек, ойын тізгінін «Герта» ұстады. Олардың жүйелі ойын өрнегі алаң иелерін әбігерге салды. Қорғанысы сетінеді. Шабуылда да шабандық танытты. «Герта» үш ұпай ұстанып, турнир кестесінің сегізінші сатысынан орын алды.

Хабар 24 телеарнасы