378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда туған неміс қызы кәсіби рингте нокаутпен жеңіске жетті

  • 307
  • UPD: 19:21, 10.02.2019
Қазақстанда туған неміс қызы кәсіби рингте нокаутпен жеңіске жетті

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы неміс қызы Кристина Хаммер кәсіби рингте кезекті жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жекпе-жек 9 ақпанда Берлинде өтті. Ол сегіз раундқа есептелген еді. Бірақ Кристина екінші раундта техникалық нокаут жасап, жеңіске жетті. Хаммердің қарсыласы Грузиядан келген Елена Сикмашвили болды. Енді спортшының еншісінде 24 жекпе-жектегі 24 жеңісі бар.

Кристина Хаммер 1990 жылы 16 тамызда Қарағанды облысы Новодолинка ауылында дүниеге келген. Бала кезінде ата-анасымен Германияға көшіп, қазір Дортмундта тұрады. Бокспен 15 жасынан бастап айналысады, ал 20 жасында Германияның кәсіби бокста ең жас әлем чемпионы атанды. Оның кумирі – Геннадий Головкин.

Хабар 24 телеарнасы