378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Виолетта Старостина нысана көздеуден халықаралық сында жүлдеге ілікті

  • 419
  • UPD: 22:27, 10.02.2019
Виолетта Старостина нысана көздеуден халықаралық сында жүлдеге ілікті

Кувейтте стенд ату мен нысана көздеу спортынан ірі халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бүгін Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Виолетте Старостина турнирдің күміс жүлдегері атанды. 

Қазақстандық спортшы пневматикалық винтовкамен (10 метр) атуда екінші нәтижені көрсетті. Ал финалға дейінгі іріктеу кезеңінде ол үшінші орыннан көрінген еді. 

Бірінші орынды сербиялық Андреа Арсовия, үшінші орынды бахрейндік Сара Алдосари иеленді. 

Хабар 24 телеарнасы