378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теннисші Бублик Будапешт турнирінде топ жарды

  • 334
  • UPD: 22:34, 10.02.2019
Теннисші Бублик Будапешт турнирінде топ жарды Eurosport

Венгрия астанасы Будапеште мәреге жеткен челленджер турнирінің финалында қазақстандық Александр Бублик италиялық Роберто Маркорамен бас жүлдені сарапқа салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік рейтингте 21 жастағы А.Бублик 172-орында тұрса, қарсыласы, одан 9 жас үлкен Р.Маркора 283-сатыда еді. Бірінші партияда қазақстандық теннисші италиялық спортшыға бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екінші сет те А.Бубликтің басымдылығымен өтті – 6:3. Осылайша ол Будапешт турнирінің жеңімпазы атанды. Бәсеке бір сағатқа жуық уақытқа созылды.

Хабар 24 телеарнасы