378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Месси физика заңдарына бағынбайтын трюк жасады

  • 307
  • UPD: 08:24, 11.02.2019
Месси физика заңдарына бағынбайтын трюк жасады

«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жұртты таң қалдырған видео жариялады.

Видеода аргентиналық футболшы доптың үстіне газдалған сусынды қойып, кейін тепкенде, бөтелке айналып жерге нық түседі, ал доп шығыршықтың дәл ортасынан өтеді.

Леоның парақшасында видео бір тәуліктің ішінде 17 миллионнан аса қаралым жинады. Алайда трюктың шынайы жасалғанына күмән келтіргендер де болды.

Кей басылымдар видеоны кадрға бөліп, мұның сиқыр емес, жай ғана монтаж екенін айтқан. Себебі бөтелке жерге түскенде ұзақ шайқалып тұрмаған.

Леодан бірнеше күн бұрын Мохамед Салах та осыған ұқсас видео жариялаған.

Sports.ru журналистері мән-жайды анықтау үшін футбол жайлы айтатын танымал YouTube блогері Герман Попковпен (German El Classico) байланысып көрді. Оның айтуынша, видеода көрсетілген нәрсе шынайы.

«Екі жағдайда да бұл монтаж емес. Біріншіден, бұл трюкті жасау қиын емес, мен бірнеше рет қайталап көргенмін. Бұл қарапайым «боттл флип челлендж», ал сақинаға кіргізу оңай. Допты астынан тебу керек. Ал бөтелке шамамен бес рет мүмкіндіктің екеуінде түседі. Ең бастысы суды аз құйып, түбі кең бөтелкені таңдау керек», - дейді ол.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы