389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роналду командаласын нокаутқа түсірді

  • 596
  • UPD: 11:08, 11.02.2019
Роналду командаласын нокаутқа түсірді © calciodangolo.com

Оқиға ойын үстінде болды.

Италия чемпионаты23 тур аясындағы «Сассуоло» мен «Ювентус» арасындағы матч кезінде ыңғайсыз жағдай болды, - деп хабарлайды Vesti.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Ойын үстінде Криштиану Роналду айып алаңы маңында допқа қолы тиеді, осыған ашуланып, төреші ысқырығынан кейін допты қатты теуіп жіберген. Видеодан португалиялық доптың туриндіктердің жартылай қорғаушысы Сами Хедираның бетіне тиіп, футболшы жерге құлағанын бірден байқамаған да сияқты.

Ойынның өзі «Ювентус» жеңісімен аяқталды - 3:0. Гол салғандар Хедира, Роналду және Эмре Джан.

Хабар 24 телеарнасы