389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккей: «Барыс» қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті

  • 656
Хоккей: «Барыс» қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті vesti.kz

Астаналық «Барыс» Новосібірдің «Сибирь» командасын қабылдады.

Осылайша командалар биыл төртінші рет кездесіп отыр. 

Бірінші кезеңде есеп ашылмағанмен, екінші кезеңде «Сибирь» хоккейшісі Виктор Комаров есеп ашты. Дегенмен ойынның 23-минутында Егор Петухов таразы басын теңестірді. Ал 25-минутта Дмитрий Шевченко «Барысты» алға шығарды. 46-минутта Роман Старченко мергендік танытса, 56-минутта Брэндон Боченски шайба соқты. Бір минуттан соң «Сибирь» хоккейшісі Шейн Принс есеп айырмасын қысқартты. 59-минутта Әлихан Әсетов шешуші шайбаны соғып, «Барыс» 5:2 есебімен қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті.

Хабар 24 телеарнасы