389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Реал» мен «Аякс» ЧЛ аясында күш сынасады

  • 713
  • UPD: 11:23, 13.02.2019
«Реал» мен «Аякс» ЧЛ аясында күш сынасады

Чемпиондар лигасы аясындағы мачтар жалғасады. Нидерландылық  «Аякс» өз алаңында «Реал» командасын қабылдайды. Бұл матчқа алаң иелері сапындағы Френки де Йонга қатыспауы мүмкін. Ол өткен сенбіде ауыр жарақат алған болатын. Бірақ «Аякстің» бас бапкері оның денсаулығы жақсы және командамен бірге дайындалып жүр деп мәлімдеді.

Оңтүстік Сахалинде қысқы спорт түрлерінен «Азия балалары» атты халықаралық дода жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күні ұлттық құрама қоржынына үш медаль түсті. Оның ішінде шорт-тректен ерлер командасы  алтын медаль иеленді. Эстафета бойынша финалдық сында жерлестеріміз  Оңтүстік Корея мен Сібір командасын басып озды. Ал, қыздарымыздың еншісінде күміс бар. Бұған қоса, қазақстандық спортшылар шаңғымен тұғырдан секіру және биатлон жарыстары бойынша да жеңіс түғыран көрінді.  Айта кетейік, «Азия балалары» турниріне 16 жастан кіші спортшылар қатысады. Ал, жарыстың өзі 17-ші ақпанға дейін жалғсады.

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін «Барыс» кезекті кездесуін айқын басымдықпен ұтты. Бұл жолы астаналық клуб өз алаңында «Сібір» хоккей клубымен жолыққан болатын. Алғаш болып есепті қонақтар ашты. Бірақ, «Барыс» хоккейшілері артынша таблодағы көрсеткішті теңестіріп, Дмитрий Шевченко мен Роман Старченко шайбаларының арқасында алға шықты. Бұған қоса алаң иелері сапынан Брэндон Боченки мен Алихан Асетов та мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп: 5:2. Бұл нәтиже астаналық клубтың турнир тізіміндегі орнын сақтап қалуға көмектесті. Қазір «Барыс» өз конференциясында 2-ші тұр. Ал, 3 ұпайдан айырылып қалған «Сібір» плей-оффқа шығу мүмкіндігін қиындата түсті. Енді барыс кезекті кезесуін 14 ақпанда өткізеді. Бұл жолы  қытайлық «Кунь Лунь Ред стар» клубы Астанаға келеді.

 Халықаралық жоғарғы хоккей лигасында өнер көрсететін қазақстандық клубтар да кезекті мачтарын өз алаңында өткізді. Оның ішінде өскеменік «Топедо» Учалы қаласының «Горняк» клубын қабылдап, 5:2 есебмен басым түсті. Есепті қонақтар ашып еді. Артынша алаң иелері сапындағы Евгений Рымарев қарымта гол соқты. Ал Дмитрий Арсенюк есеп айырмасын еселей түсті. Ойын соңына қарай Андрей  Белозёров дубль авторы атанды. Ал дәл осы лигадағы тағы бір қазақстандық клуб «Сарыарқа» кезекті кезесуін сәтсіз өткізді. Қарағанды қаласында ол «Южный Урал» клубын қабылдаған болатын. Матч 2:5 есебімен аяқталды. 

Мачестер Юнайтен өз алаңында Пари Сен-Жерменнен жеңілді. Чемпиондар лигасы аясындағы матч Манчестер қаласында өткен болатын. Франциялық клуб сапындағы үздіктер алаңға шыққан жоқ. Оның ішінде Неймар мен Кавани бар. Соған қарамастан Томас Тухель баптайтын жігіттер алаң иелеріне жауапсыз 2 гол соқты. 53-минутта Кимпембе мергендігімен көзге түссе, артынша 7 минут өтпей жатыр Килиан Мбаппе есепті еселеді. Ал «Манчестер Юнайтед» сапындағы Поль Погба кездесу соңында алаңнан қуылды. Қарымта матч 7 наурызда Парижде өтеді.

Хабар 24 телеарнасы