378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының кеңесі өтеді

  • 328
  • UPD: 13:57, 13.02.2019
Елордада Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының кеңесі өтеді

Әлемнің 10 мемлекетінен келетін федерация басшылары халықаралық жарыстарды ұйымдастыру тәртібін қарастырып, ортақ ережелерді талқыға салады. Әсіресе серкенің орнына муляж, ал қазандықтың орнына шеңбер қолдану сияқты мәселелер қызу пікірталасқа өзек болмақ.

Ал кеңес қарсаңында еліміздің Ұлттық спорт қауымдастығы алқа мәжілісін өткізді. Жиында 2019 жылға арналған шаралар бекітіліп, ат спортының 4 түрі бойынша төрешілер алқасы құрылды. Сондай-ақ сәуір айында ұйымдастырылатын жастар арасындағы Азия чемпионатына дайындық барысы да сөз болды. Айта кетейік, 8 елдің жастары көкпар, жамбы ату, аударыспақ және теңге ілуден сайысқа түспек.           

Рахат Жақсыбай, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры: 

- Бұл шараны ертең өтетін Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының жиыны алдындағы дайындық десек те болады. Мұндағы мақсатымыз - өзі ішімізде жоспарымызды, даму бағытымызды айқындап алу. Ал ертең өтетін шараның негізгі мақсаты - көкпар спортының әлемдік деңгейде дамуы. Ережелері, талаптары, қағидалары деген сұрақтар талқыланатын болады.

Хабар 24 телеарнасы