378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада көкпардың бүкіләлемдік ережесі бекітілді

  • 292
  • UPD: 23:42, 14.02.2019
Елордада көкпардың бүкіләлемдік ережесі бекітілді

Енді халықаралық додаларда көкпаршылар қазандыққа емес, шеңберге шабады. Оның диаметрі үш метр. Ал алаңның ұзындығы 200-220 метр, ені 65-75 метр болуы шарт деген стандарт бекітілді. Жаңа ережені Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығына мүше мемлекеттер жан-жақты талқылап, бір ауыздан мақұлдады. Сондай-ақ бүгін қауымдастыққа мүшелікке жаңадан елдер қабылданды. Бұрын оған Қазақстан, Мажарстан, Моңғолия және Өзбекстан елдері ғана кірген болса, бүгін мүшелер саны онға жетті. Енді күш біріктірсек көкпарды Азия тіпті Олимпиада ойындарының құрамына кіргізуге мүмкіндік бар дейді атқамінерлер.

Бекболат Тілеухан, ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:

- Қазандықты алып тастап, шеңберге ойнау ережесін негізгі ұсыныспен шыққан бұл Моңғолия, Венгрия және Тәжікстан болатын. Өйткені тайқазанға ойнау қазақ пен қырғыздан басқа ешкімде дамымай қойды біріншіден. Екіншіден, шынында да қиын. Атқа да ауыр, 3-4 жылдан кейін  аттың шабуы да қиын болады. Қаншама жігіттер майп болып жатыр. 

Мақсат Шакиев, «Аламан» федерациясының президенті (Қырғызстан):

- Әлем жұртшылығы спорттың жаңа түрін көргісі келеді. Өйткені батыс елдерінің спорты дамып шыңырауы шыңына жетті. Тіпті кейбірі дағдарысқа ұшырап жатыр. Сондықтан біз осы көкпарды насихаттап әлемдік деңгейге көтеруіміз керек. Бұл жәй ғана ойын емес көшпенді халықтың салт-дәстүрін дәріптейді әрі осы елдерге туристерді көптеп тартуға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы