378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дэвис кубогы: Қазақстанның финалдағы қарсыластары анықталды

  • 358
  • UPD: 13:00, 15.02.2019
Дэвис кубогы: Қазақстанның финалдағы қарсыластары анықталды Informburo.kz

Мадрид қаласында Дэвис кубогының финалдық кезеңіне қатысатын командалардың кімдермен ойнайтыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы 18-24 қарашада Мадридте өтетін финалдық кезеңге барлығы 18 команда қатысады. Жеребеге сәйкес құрамалар мынадай топтарға бөлінді.

А тобы: Франция, Сербия, Жапония,

В тобы: Хорватия, Испания, Ресей,

С тобы: Аргентина, Германия, Чили,

D тобы: Бельгия, Австралия, Колумбия,

E тобы: Ұлыбритания, Қазақстан, Нидерланды,

F тобы: АҚШ, Италия, Канада.

Плей-офф кезеңіне өз тобында жеңімпаз атанғандар мен екінші орын алғандардың ішінде екі үздігі, барлығы сегіз команда жолдама алады. Мысалы, А тобының жеңімпазы екінші орын алғандардың бірімен кездеседі. F мен D тобы және E мен С тобы үздіктері өзара сынға түседі. Ал В тобында озып шыққан құрама екінші орын алғандардың бірімен шеберлік байқасады.

Хабар 24 телеарнасы