378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зарина Дияс Дубайдың негізгі турниріне жолдама алды

  • 281
  • UPD: 15:59, 16.02.2019
Зарина Дияс Дубайдың негізгі турниріне жолдама алды Спорт-Экспресс

Қазақстандық Зарина Дияс Дубай турнирі іріктеу сайысының финалында румыниялық Моника Никулескумен күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зарина дүниежүзілік рейтингте 96-орында болса, Моника одан он саты төмен-ді. Бірінші партия барысында қарсыластар бірнеше рет брейкпен алмасты. Есеп 4:4 болған мезетте Зарина тағы бір брейк жасап, өз геймін де алды 6:4.  Екінші сетте З.Дияс брейк жасап, алға шықты – 3:1. Ақыры сол басымдығынан айырылған жоқ – 6:4. Бәсеке сағат жарымдай уақытқа созылды. Осылайша Зарина негізгі турнирге жолдама алды. 

Жүлде қоры 2,5 млн астам АҚШ долларына бағаланған Дубай турнирі 24 ақпанда мәреге жетеді. Онда Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева да өнер көрсетеді. Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Дубай турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы