378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жансель Дениз «Turkish open» турнирінде жеңімпаз атанды

  • 245
Жансель Дениз «Turkish open» турнирінде жеңімпаз атанды Olympic.kz.

Таеквондодан Қазақстан құрамасының екі спортшысы Turkish Open турнирінде жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Түркияның Белек қаласында өткен сында ұлттық құрама көшбасшыларының бірі Жансель Дениз жеңіс тұғырынан көрінді. Ол 73 келіде қарсылас шыдатқан жоқ. 

53 келіде ел намысын қорғаған Жазира Сапарбай қола медаль иегері атанды. 

Турнирге жалпы есебі 667 спортшы қатысқан.

Хабар 24 телеарнасы