384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық хоккей лигасы: «Аризона Койотс» «Торонто Мэйпл Лифсты» ұтты

  • 576
Ұлттық хоккей лигасы: «Аризона Койотс» «Торонто Мэйпл Лифсты» ұтты

Ұлттық хоккей лигасының кезекті турында «Аризона Койотс» «Торонто Мэйпл Лифсты» ұтты.

Есеп 2:0. Екі гол да матчтың екінші кезеңінде соғылды. Алдымен Алекс Гальченюк Джордан Истерли ұсынған пасты ұтымды пайдаланса, сәлден кейін Джош Арчибальд Дерек Степан мен Лоусон Круз ұйымдастырған шабуылды түйіндеді. Жалпы ойын туралы айтылғанда, айдын иелерінің қақпашысы Дарси Кюмпер есімі тілге оралатыны анық. Өйткені Дарси осы матчта өз қақпасына бағытталған 22 тура соққыны кері қайтарған. Сол сияқта «Аризона» қорғаушылары «Торонтоның» негізгі сұрмергені Остон Мэтьюсты тұсап ұстағаны анық. Қонақтар әсірісе бірінші кезеңде белсенділік танытты. Қазір «Аризона» командасы 58 кездесуден 57 ұпай жинап, Батыс Конференциясының оныншы сатысынан орын алды.

Хабар 24 телеарнасы