378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футбол: «Штутгарт» «Лейпцигке» есе жіберді

  • 252
Футбол: «Штутгарт» «Лейпцигке» есе жіберді livesport.ru

Неміс бундеслигасының бүгінгі осал командасы – «Штутгарт».

Тур сайын ұтылатын команда енді «Лейпцигке» есе жіберді. Алтыншы минутта қонақтардың шабуылшысы Юссуф Поульсен есеп ашқан. Алайда алаң иелері де қайрат көрсетіп, он минуттан кейін Стивен Цубер таразы басын теңестірді. Цубер кезінде Мәскеу армияшыларының сапында доп тепкенін де ескере кету керек. Үзіліске дейін ойын тізгінін қолда ұстауға ұмтылған «Штутгарт» екінші таймда білгенінен жаңылды. Юссуф Поульсен тағы бір гол соғып, өз командасын жеңіске жетеледі. Оған дейін «Лейпцигтің» тағы бір футболшысы Марсель Забитцер де мергендік танытқан. Қорытынды есеп 1:3. Қонақтар кезекті үш ұпайды иеленіп, турнир кестесінің төртінші орнында тұрақтады.

Хабар 24 телеарнасы