375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Велошабандоз А.Луценко Омандағы жарыста топ жарды

  • 280
  • UPD: 18:17, 17.02.2019
Велошабандоз А.Луценко Омандағы жарыста топ жарды

Алексей Луценко велоспорттан «Оман турының» екінші кезеңінде топ жарды. Қазақстандық велошабандоз «Астана» командасы сапында сынға түсуде деп жазады Olympic.kz. 

Луценко 156,5 шақырымға созылған жарыста қарсыластарына шаң қаптырып, мәреге бірінші болып келді. 

Қазақстандық спортшының уақыт көрсеткіші – 4:07.19. 

Екінші орында UAE Team Emirates клубының өкілі, норвегиялық Александр Кристофф. 

Үшінші орында Dimension Data командасының шабандозы Райан Гиббонс. 

Қазақстандық спортшы жалпы есепте екінші орында келеді. Еске сала кетейік, былтыр Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы атанған болатын.

Хабар 24 телеарнасы