378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жетісуда тау шаңғысы базасы ашылды

  • 411
  • UPD: 15:27, 18.02.2019
Жетісуда тау шаңғысы базасы ашылды

Алматы облысының Сарқан ауданында шаңғы базасы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді тау шаңғысы спортын сүйетін жергілікті тұрғындар Текелінің тауы мен аудан орталығынан 500 шақырым жердегі Шымбұлаққа сабылмайды. Қала іргесіндегі жаңадан ашылған осы базаға келіп, шанамен сырғанап, шаңғы теуіп, балаларын қысқы спорт түрлеріне баулуға мүмкіндік алып отыр. Қазақтың қара домалақтары спортқа өте бейімді келетінін ескерсек, болашақта бұл өңірден олимпиада, әлем чемпиондары шығуы да бек мүмкін.

Тау шаңғысы базасына қажетті қондырғылар мен құрал-жабдықтардың барлығы Швейцариядан әкелінген. Таудың етегінде үйрек ұшып, айдынына қаз қонған тамаша көл де бар. Болашақта бұл жерде қысы-жазы жұмыс істейтін демалыс орны салынатын болады.  

Мәмбетәлі Әтешев, кәсіпкер:

- Суға түсу, қыста шаңғы тебу деген бар, адамға өте пайдалы. Өзім тау шаңғысын жақсы көремін. Осы жерден керемет пайда табамын деп отырған жоқпын. Осы жерге ақшамды беріп, жас балалар басқа жаққа кетпей, спортқа келсе екен деп ойлаймын.

Сейілхан Саурықов, Сарқан қаласының тұрғыны:

- Шаңғы тебу денсаулыққа пайдалы. Ашылғаны дұрыс болды.

Хабар 24 телеарнасы