378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде қазақша күрестен Ресейдің ашық біріншілігі өтті

  • 357
  • UPD: 07:23, 19.02.2019
Мәскеуде қазақша күрестен Ресейдің ашық біріншілігі өтті

Мәскеуде қазақша күрестен Ресейдің алғашқы ашық біріншілігі өтті. Онда Сахалиннен Калининградқа дейін созылған 25 аймақтан ондаған палуан қатысты.

Олардың арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Еуропа жеңімпаздары мен жүлдегерлері, дзюдо мен самбодан әлем чемпиондары бар. Жарыста командалық есепте бірінші орынды мәскеуліктер, екінші орынды Тверь облысы, ал  үшінші орынды Саратов өңірі иеленді. Ашық бірлестікті Халықаралық қазақша күрес одағы және Мәскеу қаласындағы ұлттық-мәдени бірлестіктердің қолдауымен Мәскеу қаласы Қазақ күресі одағы ұйымдастырды.

Хабар 24 телеарнасы