378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футболдан Қазақстанның Молдоваға қарсы құрамы жарияланды

  • 265
  • UPD: 17:54, 19.02.2019
Футболдан Қазақстанның Молдоваға қарсы құрамы жарияланды

Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек Молдоваға қарсы матчта ойнайтын футболшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚФФ. 

Айта кетейік, тізімде «Ростов» жартылай шабуылшысы Бахтиер Зайнутдинов, «Уфа» форварды Еркебулан Сейдахмет және алматылық «Қайрат» ойыншылары жоқ. Ойын ФИФА күні өтетіндіктен клубтар футболшыларды жіберуден бас тартты.

Қақпашылар: Дмитро Непогодов («Ордабасы»), Марсель Исламқұлов («Қайсар»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко («Астана»), Рауан Орынбасар («Жетісу»), Рафкат Аслан, Руслан Есімов («Ертіс»), Сағадат Тұрсынбай, Темірлан Ерланов, Мардан Төлебек, Марат Быстров, Сергей Малый («Ордабасы»), Бекзат Шадманов («Тараз»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»);

Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух («Астана»), Еркін Тапалов («Жетісу»), Максим Федин, Азат Нұрғалиев («Тобыл»), Геворг Наджарян («Шахтер»), Думан Нарзілдаев («Қайсар»);

Шабуылшылар: Роман Муртазаев («Астана»), Алексей Щеткин («Ордабасы»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Оралхан Өміртаев («Шахтер»).

Бапкерлер штабы: Михал Билек – бас бапкер, Михал Хипп – бас бапкердің көмекшісі, Талғат Байсуфинов – бас бапкердің көмекшісі, Николай Родионов – қақпашылар бапкері.

Еске салайық, ұлттық құраманың 15 ақпанда басталған оқу-жаттығу жиындары осы айдың 22-сі аяқталады.  

Ақпарат көзі: kaz.vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы