378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арман Рысбек Лас-Вегаста жұдырықтасады

  • 283
  • UPD: 21:36, 19.02.2019
Арман Рысбек Лас-Вегаста жұдырықтасады Zakon.kz

Еліміздің боксшысы АҚШ-та Арман Рысбек (5-0, 4КО) кәсіпқой шаршы алаңда жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы 25 сәуірде Лас-Вегастағы Sam’s Town Hotel & Gambling Hall казиносында жұдырықтасады.

Суперорта салмақта жекпе-жек өткізетін 28 жастағы спортшының қарсыласы әзірге белгісіз. 

Рысбек соңғы рет 15 қыркүйекте Ақтөбе қаласында өткен бокс кешінде өзбекстандық Дмитрий Антиповты үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Хабар 24 телеарнасы