378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада алғаш рет шахматтан әлем чемпионаты өтеді

  • 315
  • UPD: 14:40, 20.02.2019
Астанада алғаш рет шахматтан әлем чемпионаты өтеді openkyiv.info

Астанада алғаш рет шахматтан командалық әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байрақты бәсеке наурыздың 4-і күні басталады. Оған Қытай, Иран, АҚШ, Үндістан, Ұлыбритания сияқты 20 елдің құрамасы қатысады. Шахмат спортының үздіктері 10 күн бойы өзара мықтыны анықтап, жеңімпаздары рейтингтік ұпай алады. Бұл жөнінде чемпионаты ұйымдастырушылар «Сарыарқа» велотрегінде өткен арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Жерлестеріміз арасынан бұл жарысқа Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдумәлік және Гүлісхан Нахбаева сияқты халықаралық деңгейдегі гроссмейстерлер қатыспақ.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

– Толығымен бұл чемпионат демеушілердің арқасында өтіп жатыр. Шахматтың бір жақсысы, көп қаражатты қажет етпейді. Мысалы, хоккей немесе футбол сияқты.

Хабар 24 телеарнасы