378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алексей Луценко «Оман турының» кезекті кезеңінде тағы жеңіске жетті

  • 299
  • UPD: 22:19, 20.02.2019
Алексей Луценко «Оман турының» кезекті кезеңінде тағы жеңіске жетті

«Оман туры» көпкүндігінің бесінші кезеңінде «Астананың» қазақстандық велошабандозы Алексей Луценко жеңіске жетті, деп жазады prosports.kz.

152 шақырымға созылған қашықтықты отандасымыз бірінші болып басып өтті. Екінші болып мәре сызығын Direct Energie командасының франциялық шабандозы Фабьен Грелье кесті. Ал үздік үштікті Доменико Поццовиво (Bahrein-Merida) түйіндеді.

Осылайша 26 жастағы Луценко бес кезеңнің үшеуінде жеңіске жетіп, жалпы есепте көш бастады. Ол осыған дейін екінші және үшінші кезеңде топ жарған болатын. Енді ертең 21 ақпанда, көпкүндіктің соңғы кезеңі өтеді.

Оман туры. Бесінші кезең

  1. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») – 3:44:03
  2. Фабьен Грелье (Франция, Direct Energie) + 0:07
  3. Доменико Поццовиво (Италия, Bahrein-Merida) + 0:11

...33. Уго Уль (Канада, «Астана»)

…43. Жандос Бижігітов (Қазақстан, «Астана») + 4:16

Жалпы есеп

  1. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») 18:38:39
  2. Доменико Поццовиво (Италия, Bahrein-Merida) + 0:44
  3. Хесус Эррада (Испания, Cofidis) + 0:47
Хабар 24 телеарнасы