375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нурмагомедов канадалық Сен-Пьерге жұдырықтасуды ұсынды

  • 287
  • UPD: 12:29, 21.02.2019
Нурмагомедов канадалық Сен-Пьерге жұдырықтасуды ұсынды

Жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов канадалық файтер Жорж Сен-Пьерге қарашада жұдырықтасуды ұсынды, деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

Нурмагомедовтің сөзінше, ол Сен-Пьермен 155 немесе 160 фунтқа дейінгі салмақта кездесуге дайын.

«Қарашада жұдырықтасайық. Осыдан кейін карьераңды аяқтай берсең болады. Сенің жекпе-жектеріңді көріп өстім және менде саған деген сыйластықтан басқа ештеңе жоқ. Мәскеуде болғаныңда оны көрсете алдым деп ойлаймын. Бірақ ең мықты файтермен октогонда болу мен үшін үлкен абырой болар еді.

155 фунтта жұдырықтасайық немесе тағы бес фунт бере аламын, өйткені сен жеңіл салмаққа дейін түспегенсің. Сенің таңдауың – 155 немесе 160 фунт, Монреаль, Нью-Йорк, Мәскеу не Әбу-Даби. Маған орынды белгілеп бер, досым», – деп жазыпты Хабиб Нурмагомедов Instagram желісінде.

Хабар 24 телеарнасы