378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2021 жылғы «Тур де Франс» Даниядан бастау алады

  • 263
  • UPD: 13:33, 22.02.2019
2021 жылғы «Тур де Франс» Даниядан бастау алады

Велоспорт әлеміндегі айтулы сайыс - «Тур де Франс» көпкүндігі 2021 жылы Дания астанасы Копенгагеннен бастау алады. Алғашқы кезең 13 шақырымдық жекелей жарыспен ашылады. Данияда Франция көпкүндігінің үш кезеңі өтеді. Жыл сайын қанатын кеңге жайып келе жатқан Гранд-тур сайысы бірнеше жылдан бері көршілес елдердің аумағынан басталып жүр. Биыл «үлкен дулыға» жарысы 6 шілдеде Бельгияның Брюссель қаласынан басталып, 28 шілдеде Парижде аяқталады.   

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталды. Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 173 жылдығына арналған татами бәсекесіне еліміздің әр аймағынан 500-ден аса спортшы жиналды. Олардың арасында бұрымды балуандар да бар. Жастар жылындағы жарыста күш атасы Қажымұқан мен Әбілсейіт Айханов сынды даңқты балуандар есімін иеленген спортшылар да белдесуге шықты. Жөсөспірімдер сайысы - жеткіншектердің отанға деген құрметін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосады.   

Әбілсейіт Тұрдықұл, жарысқа қатысушы:

-Бұл дзюдо күресімен мен 5 жасымнан айналысамын. Бұл жарыста чемпион болғым келеді. Қарсыластарыма сәтттілік тілеймін.

Әділбек Байболатов, жарысты ұйымдастырушы:

- Бұл турнирді өткізіп жатқандағы себебіміз, ауылдағы жастар облыс деңгейіндегі жарыстарды көріп соның ішінде ел қорғайтын азаматтар біздің Қазақстанның туын биікке көтеретін чемпиондар шығуын қалаймыз.

Енді олимпиада ойындарында бишілер де сайысқа түсуі мүмкін. Брейк-данс аталған өнер түрі 2024 жылы Парижде өтетін кешенді сында көпшілік назарына шығады. Франция астанасында ұйымдастырушы тарап халықаралық олимпиада комитетіне ойындар бағдарламасына енетін спорт түрлерін ұсынды. Соңғы шешімді халықаралық олимпиада комитеті 2020-шы жылдың желтоқсан айында айтады.

Хабар 24 телеарнасы