378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» хорват футболшысымен толықты

  • 258
  • UPD: 18:17, 22.02.2019
«Астана» хорват футболшысымен толықты

«Астана» футбол клубы 21 жастағы хорват Лука Шимуновичті өз қатарына алды.

Лука – «НК Загреб» клубының тәрбиеленушісі.  Хорватиялық қорғаушы «Спартак» (Юрмала) сапында ойнап, Латвия чемпионы атанған. Жас хорватиялық ойыншы Балтық еліндегі мансабынан кейін «Шахтер» (Солигорск, Беларусь) сапында ойнаған.

Шимунович еурокубок аясында екі ойын өткізсе, оның алғашқысында «Спартак» (Юрмала) сапында Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясындағы кездесуде «Астана Аренада» алғаш рет алаңға шыққан. Ол кездесу елорда командасының пайдасына 1:0 есебімен аяқталған еді.

Лука қорғаныс шебіндегі бірнеше позицияда ойнап, алаңда тірек жартылай қорғаушының да міндетін атқарған.

Шимуновичтің «Астанамен» келісімшарты 3 жылға жоспарланған, деп хабарлайды prosports.kz.

Хабар 24 телеарнасы