375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

  • 276
  • UPD: 18:46, 22.02.2019
Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

Бүгін Австрияның Зеефельд қаласында өтіп жатқан шаңғы спорт түрлерінен әлем чемпионатында шаңғымен тұғырдан секірушілер бәсекесі басталады.

Бұл сында қазақстандықтар да жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

«Қанатты» шаңғышылар арасындағы іріктеу сыны 130 метрлік трамплинде өтеді. Турнирге 61 спортшы қатысады деп күтілуде. 

Қазақстан атынан төрт спортшы бақ сынайды. Олар: Глеб Сафонов, Сабыржан Мүмінов, Никита Девяткин және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Сергей Ткаченко. 

Біздің команда жастардан жасақталғанын айта кеткен жөн. Сафонов 17, Ткаченко мен Девяктин 19 жаста. Ал Мүмінов – 24 жастағы спортшы. 

Жарыс Астана уақытымен 19:30-да басталады.

Хабар 24 телеарнасы