375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұрат Жұрынов: Шағын және орта кәсіпті дамыту қажет

  • 336
  • UPD: 23:19, 22.02.2019
Мұрат Жұрынов: Шағын және орта кәсіпті дамыту қажет

Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов жаңадан құрылатын үкімет шағын және орта кәсіпті дамыту керек дегенді алға тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Шикізатты 95 процентке дейін өңдеу елдің экономикасын алға сүйреп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға септеседі», – дейді ол. 

Мұрат Жұрынов, ҚР Ғылым академиясының президенті:

- Елбасы айтқандай, орта және шағын бизнесті дамыту керек. Бұл не деген сөз? Біз қазір мұнайды 70-75 пайызға дейін ғана өңдейміз. Америка 95 пайызға дейін өңдейді. Осыған жетуіміз керек. Міне, осы кезде жұмыс орны көбейеді, шағын және орта бизнес дамиды. Бұл деген халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік жағдайын жақсартады. Жұмыс көздерін ашады.

Хабар 24 телеарнасы