389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдық зейнеткерлер скандинавиялық жүріспен шұғылдана бастады

  • 654
  • UPD: 09:10, 23.02.2019

Петропавл қаласында көшеде таяқпен жүретін егде жастағы адамдар көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зейнеткерлер жаппай салауатты өмір салтына бет бұрып, скандинавиялық жүріспен шұғылдана бастады. Бұл спорт түрінің денсаулыққа қандай пайдасы бар?

Жаңыл Камзинова 3 жыл бұрын қолына таяқ алып, скандинавиялық жүріске ден қойды. Содан бері аптасына 3 күн 2 сағаттан осылай серуендеп, серігіп қайтады. Нәтижесінде денсаулығы оңала бастаған. 

Жаңыл Камзинова, қала тұрғыны:

– Менің салмағым 95 келі болды. Қант диабетімен ауырамын. Қазір салмағым – 70 келі. Өзімді жақсы сезінемін.

Жаңыл секілді салауатты өмір салтын ұстанған жандарды саябақтан табуға болады. Әсіресе, зейнеткерлер өте көп. Және олардың қатары ай сайын артып барады.

Лидия Вишнякова, қала тұрғыны:

– Көшеде мені тоқтатып, осы жүрістің пайдасы туралы сұрамаған жан жоқ шығар. Тіпті таныс емес адамдар «Сәлеметсіз бе», «Қайырлы күн» деп жатады. Оған көңілім көтеріледі, әрі денсаулығым жақсарады.

Скандинавиялық жүріс – спорттың жаңа түрі. Оның жай жүрістен айырмашылығы, адамның омыртқасын түзетіп, дене бітімін қалыптастырады. Жүрек-қан тамырларының жұмысын жақсартады.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

– Негізі адам күніне кем дегенде 5 шақырым жүріп өтуі тиіс. Ал осындай таяқтармен жүрсеңіз, бүкіл бұлшық етіңіз жұмыс істеп, денсаулығыңызға оң әсер етеді.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы