389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХЛ: «Барыс» плей-офф кезеңінде «Торпедомен» сынға түседі

  • 609
  • UPD: 11:56, 23.02.2019

Астаналық «Барыс» биылғы құрлықтық хоккей лигасындағы соңғы ойынын Бейжіңде қытайлық «Кунь-лунь Ред Стар» командасына қарсы өткізді.

Енді Астаналық клуб плей-офф кезеңінде Ресейдің Нижний Новгород қаласының «Торпедо» командасымен сынға түседі. Ал «Кунь-лунь Ред Стар» плей-оффтан шет қалды. Қазір олар жалпы турнир кестесінде 21-орында тұр. Бірақ өз алаңында қытайлық клуб жеңісті қолдан бергісі келген жоқ. Бейжіңдегі кездесу тартысты өтті. Бірінші болып елордалық клуб есеп ашты. Ойынның 4-минутында Егор Петухов команданы алға шығарды. Ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Кейін овертаймға ұласты. Мұнда да жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте «Барыс» жеңіске жетті.

Хабар 24 телеарнасы