378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық каратеші Еуропада чемпион атанды

  • 263
  • UPD: 09:21, 24.02.2019
Қазақстандық каратеші Еуропада чемпион атанды

Словакияда карате-до спортынан халықаралық турнирде қызылордалық Әсемгүл Ердәулет чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол осы жарыста 47 келі салмақта сынға түсті. Турнирде қызылордалық спортшы төрт кездесу өткізді. Оның барлығында жеңіске жетті. Әсемгүл жарыс барысында алдымен словакиялық қарсыласынан 7:0 есебімен басым түсті.

Жарыстың келесі сатысында хорват қызын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Одан неміс спортшысын 1:0 есебімен жеңп, ақтық сайысқа жолдама алды.

Әсемгүл финалда чех қызынан басым түсті. Есеп – 2:0. Осылайша ол аталмыш турнирде чемпион атанып, ел мерейін асқақтатып қайтты.

Хабар 24 телеарнасы