378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дамир Ысмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

  • 277
  • UPD: 10:37, 24.02.2019
Дамир Ысмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті IronBets

Ресейдегі қазақ файтері Дамир Ысмағұлов UFC ұйымындағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Чехия астанасы Прагада өткен UFC Fight Nights 145 турнирінде Ысмағұловтың қарсыласы испаниялық Хоэль Альварес болды. Үш раунд қорытындысы бойынша қандасымыз төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті. Осылайша Дамир спорттық мансабындағы 18-жекпе-жекте жеңіске жетті, екі рет жеңіліс тапқан.

17 кездесуге қатысқан оның қарсыласы Альварес үшінші рет тізе бүкті. Сондай-ақ ол UFC турнирінде бірінші рет өнер көрсетті. 

Айта кетейік, Ысмағұлов UFC ұйымында бірінші рет 1 желтоқсанда Австралияның Аделаида қаласында жекпе-жекке шықты. Алаң иесі Алекс Горджесті ол төрешілер шешімімен жеңді. 

Хабар 24 телеарнасы