378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Egypt Open турнирінде екі спортшымыз қола медаль иеленді

  • 247
  • UPD: 10:40, 24.02.2019
Egypt Open турнирінде екі спортшымыз қола медаль иеленді

Египеттің Хургада қаласында таеквондодан G2 санатындағы Egypt Open турнирі өтуде.

Алғашқы жарыс күнінде екі спортшымыз қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 80 келідегі Нұрлан Мырзабаев пен 49 келідегі Айнұр Есбергеновалар рейтингілік турнирде үздік үштікке енді. Екі спортшымыз да жартылай финалда қарсыластарына есе жіберді. 

Египеттені турнирге әлемнің 25 мемлекетінен 242 спортшы қатысуда. Бүгін Қазақстан сапынан Эльдар Бірімбай, Қайрат Сарымсақов, Фариза Алдоңғарова мен Дениз Жансель сынға түседі. 

Хабар 24 телеарнасы