378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кукушкин ATP 250 сериясы турнирінің финалына шықты

  • 225
  • UPD: 15:07, 24.02.2019
Кукушкин ATP 250 сериясы турнирінің финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Францияда өтіп жатқан турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жартылай финалда жерлесіміз француздық Уго Умбермен кездесіп, 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Енді еліміздің мақтанышы ақтық сында не грек Стефанспен немесе бельгиялық Давид Гоффенмен кездеседі.

Айта кетейік, Кукушкин бұған дейін америкалық Дэнис Кудлуды, одан кейін канадалық Дэнис Шапаваловты, ал ширек финалда ресейлік Андрей Рублевті жеңген.

Жалпы, 31 жастағы спортшы әлемдегі ең үздік 50 теннисшінің қатарына кіреді.

Хабар 24 телеарнасы